Петропавлда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған қайырымдылық шыршасы өтті
Жаңа жыл қарсаңында «АДОН-Север» қоғамдық бірлестігі қамқорлығындағы 50 балаға қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Біз үйде көмек алушыларды шақырдық. Мерекелік кешке 18 жасқа дейіңгі және одан жоғары 50 адам қатысып жатыр. Біздің қоғамдық бірлестікке барлығы 80 адам, оның ішінде 1 және 2 топтағы мүгедектер, сондай-ақ жалғызілікті зейнеткерлер бекітілген. Бүгінгі мерекені әкімідік пен демеушілердің қолдауымен ұйымдастырып отырмыз»,-деді «АДОН-Север» ҚБ төрағасы Елена Колмогорова.
Іс-шара қонақтары үшін дастархан жайылып, сыйлықтар дайындалды, сонымен қатар мерекелік анимациялық шоу көрсетілді,би болды.