Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда эротикалық боди-массаж қызметін ұсынған қыздар анықталды

Петропавлда эротикалық боди-массаж қызметін ұсынған қыздар анықталды

СҚО полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Петропавл қаласында Абай көшесіндегі пәтерлердің бірінде эротикалық дене массажы қызметі көрсетілетіні туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Stop-трафик” ЖПІШ шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерінен 46 жастағы әкімші, сондай-ақ 21 және 22 жастағы екі қыз ұсталды. Бұл пәтерде олар ақша үшін эротикалық дене массажын істейтіндігі анықталды.

“Осы факт бойынша әкімшіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабының 1-бөлігі бойынша “Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну” бойынша материал жиналды. Аталған баптың санкциясы жеке және лауазымды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді. Мұндай фактілерді анықтау бойынша ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жұмысы тұрақты түрде жалғасуда”,- делінген облыстық ПД хабарламасында.

Shares