Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда этностар форумы өтті

Петропавлда этностар форумы өтті

Алғыс айту күні Қазақстан халқы Ассамблеясы филиалының қабырғасында облыстық этностар форумы өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

СҚО-ның Құрметті азаматы Анатолий Башмаков бір кездері осы рухани мерекенің тұжырымдамасын қалыптастыруға сүбелі үлес қосты. Оның сөзінше, бұл – еліміздегі жас мерекелердің бірі.

“Бүгін тағы да Алғыс айту күніне байланысты тамаша іс-шара өткізілуде. Биыл мерекені осымен 9-шы рет атап өтеміз. Біз дүниеге келген, біз өмір сүріп жатқан жерге, 130 ұлттың басын қосып, тату-тәтті өмір сүруге жағдай жасаған қонақжай қазақ халқына кезекті мәрте алғыс айтқым келеді”, – деп атап өтті Анатолий Башмаков.

Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Кемел Оспанов облыс әкімі атынан облыстық форумға қатысушыларды Алғыс айту күнімен құттықтады. Олардың кейбірінің еңбегі атап өтілді, марапат табысталды. Ассамблеядан “Дустлик” өзбек этномәдени орталығының жетекшісі Баян Қалдыбекова алғыс хат алды.

“8 жыл ішінде біздің этномәдени орталығымыз облыстық мерекелерге қатысты, біз үнемі жүлделі орындарға ие боламыз, марапаттар жетерлік. Біздің этномәдени орталыққа 20-дан астам адам мүшелік етеді, балаларымыз бар”, – деді Баян Қалдыбекова.

Өңірде қазір 28 этномәдени орталық бар. Олардың барлығы бейбітшілік пен бірлікті нығайтуда үлкен рөл атқарады.

Shares