Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда “Халық кеңесі” тобының мүшелеріне үкім шықты

Петропавлда “Халық кеңесі” тобының мүшелеріне үкім шықты

Петропавл соты сепаратизм бойынша қозғалған атышулы іске нүкте қойды. Айыпталушы  төрт адам: ұйымдастырушы – 48 жастағы слесарь Вячеслав Зудерман, өзін-өзі жұмыспен қамтыған 40 жастағы Елена Болдырева және 52 жастағы мұғалім Мадина Қапарова. Соңғылары жиналыста хатшылар болып сайланған және декларацияның мәтінін оқыған. Ал 37 жастағы сатушы Бадов Ольга Бережнова кеңес мүшелерінің белгісі мен куәліктерін дайындаған, деп хабарлайды корреспондент QZ Media тілшісі.

19 наурызда Петропавлдағы Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі ғимаратында “Халық кеңесі” тобының жиналысы өтті. Олар жиында өздерін “КСРО мұрагерлері” деп атады.

Жиналғандар Қазақстаннан тәуелсіз “Петропавл қаласының халық кеңесін” құру туралы мәлімдеді және осы кеңестің “декларациясын” қабылдады. Онда Қазақстан заңы мойындалмайтыны анық көрсетілген. Жиналыс кезінде түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде таралып, қоғамдық наразылық тудырды.

Араға уақыт салып, резонанстық іс бойынша ҰҚКД 18 адамнан жауап ала бастады.

Кейінірек әлеуметтік желілерде “Халық кеңесі” өкілдерінің қатысуымен тағы бір бейнежазба тарады. “Кеңестің” мүшелері өздері айтқан ақпаратты жоққа шығарып, Қасым-Жомарт Тоқаевтан қолдау сұрады.

Бүгін, араға 9 ай салып атышулы іске нүкте қойылды, сот үкімі оқылды. Сот сотталушыларды ҚК 179-бабының 2-бөлігінде (мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді насихаттау) және 180-баптың 2-бөлігінде (сепаратистік қызмет – Қазақстан Республикасының тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмаушылық пен бөлінбеушілікті бұзуға насихаттау) көзделген қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Вячеслав Зудерман 9 жылға бас бостандығынан айырылды, қалғандары 7 жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне енбегені атап өтілді. Сотталғандар сот актісіне шағымдануға құқылы.

 

Shares