Петропавлда кәріз коллекторының істен шығуына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Петропавлда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қаулы жобасы қалалық әкімдіктің сайтында жарияланды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Құжатқа сәйкес, “Азаматтық қорғау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 48 және 50-бабына және “Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы” Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, қаланың төтенше жағдайларының алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының № 2 хаттамасы негізіндегі Петропавл қаласы әкімінің 2024 жылғы 02 сәуірдегі шешімі:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 30 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарда қолданылады.
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі Абай көшесіндегі асфальттың опырылып түсуі салдарын жою мақсатында қабылданады. Құлаудың себебі – кәріз коллекторының кезекті мәрте зақымдануы.