Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда көлік жуу орнының қызметкері бөтеннің мүлкін айдап кетті

Петропавлда көлік жуу орнының қызметкері бөтеннің мүлкін айдап кетті

“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бөтеннің мүлкін айдап кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлады QZ Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавл қаласының тұрғыны белгісіз адам оның Volkswagen Amarok 2h автокөлігін айдап кеткенін айтып, полицияға жүгінген. Көлік бір сағат бұрын автокөлікті жууға қалдырылыпты. Зардап шегушінің айтуынша, шығын 12 миллион теңгені құраған. Полицейлер “Ұстау” жоспарын енгізіп, ұрланған автокөлікті іздеуге автопатрульдер мен бейнебақылау операторлары бағытталды. Көп ұзамай “Volkswagen” автокөлігі Жамбыл көшесінде тоқтатылды.

“Көлік құралын заңсыз иемденді деген күдік бойынша рөлде болған 28 жастағы көлік жуу сервисінің жұмысшысы ұсталды. Медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес, ол мас күйінде болған, бұл жол қозғалысының барлық қатысушыларына қауіп төндіреді. Тексеру барысында оның көлік басқару құқығы жоқ екенін көрсетті, сондықтан ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының талаптарына сәйкес, 20 тәулік қамауға алынады”, – деп хабарлайды Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Shares