Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын қар мен мұздан тазарту жұмыстары жүргізілуде

Петропавлда көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын қар мен мұздан тазарту жұмыстары жүргізілуде

2024 жылдың қаңтар айының соңынан бастап Петропавл әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметкерлері МИБ, ПИК өкілдеріне, көпқабатты тұрғын үй қорының басқарушы компанияларына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Олар шатырларда қар тазалау жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын еске салады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Облыс орталығында мыңнан астам көпқабатты тұрғын үй бар. Қалалық әкімдік қызметкерлері шатырлардағы қар жүктемесін азайту, сондай-ақ мұздану фактілерін, мұздың құлау қаупін болдырмау қажет екенін атап өтті.

“Бұл – жарақаттанудың алдын алу. Абаттандыру ережелері бойынша бұл міндет ғимараттар мен құрылыстардың иелеріне жүктелген. Егер шатырларды тазарту адал жүргізілмесе, тұрғындар МИБ немесе ПИК төрағасына жүгініп, мәселені шешуге тырысуы керек. Кондоминиумның ортақ мүлкін басқару мен күтіп-ұстауға арналған құжатта шатырды тазартуға жұмсалатын қаражаттың болуы маңызды. Сметалық мәселелер тұрғындардың жалпы жиналысында қабылданғандықтан, бұл сметаларға қолдау көрсетілуі керек. Мұндай жағдайда даулы мәселелер оңай шешіледі. Қазір ағымдағы жағдайды бағалайтын болсақ, төрт подъезді үйдің шатырын тазалау шамамен 60 мың теңгені құрайды”, – деді Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының м.а. Әсет Исмағұлов.

Қалалық әкімдіктің өкілі егер МИБ немесе ПИК төрағалары тұрғындардың шатырды қардан тазарту туралы өтініштеріне жауап бермесе, ішкі істер органдарына жүгіну керектігін атап өтті.

“Бізді 2023-2029 жж. ТҮКШ жаңғырту бағдарламасына қатысу туралы шешім қабылдау үшін тұрғындар жиналысына шақырады. 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басындағы құрылыс кезеңіндегі үйлердің көпшілігінде шатырлар ескірген. Қар мен жел оларға кері әсер етеді. Әрине, кейбір үйлерде мұндай жөндеу жұмыстары тұрғындардың өз қаражаты есебінен жүргізілуде”, – деп атап өтті Әсет Исмағұлов.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қаңтарда Абай көшесі, 84 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты үйдің шатырының бір бөлігі қалың қар жауғаннан кейін құлады. Петропавл әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы бұл тұрғын үй 1974 жылы салынғанын, шатыры күрделі жөнделмегенін айтты.

“Біз қар жүктемесіне байланысты екінші, үшінші подъездердің аумағында шатырдың тірек құрылымдары шыдас бермеді деп болжаймыз. Қазір жұмыс жүргізілуде, ескі құрылымды бөлу, шығару жүріп жатыр. Жиналыс өтті, пәтер иелері ТҮКШ жаңғырту бағдарламасына қатысу туралы шешім қабылдады”, – деп түсіндірді Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының м.а.

Shares