Петропавлда креативті индустрия орталығында SKO HUB ашылды
Петропавлда креативті индустрия орталығында Astana Hub филиалының ашылуы өтті. Облыстық хаб қолданыстағы және дамып келе жатқан IT-жобаларды одан әрі дамыту үшінқұрылған, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Хабтың ашылуына орай бірнеше стартап жобалары көрсетілді. «Astana Hub» өңірлік даму кеңсесінің директоры Аида Дусова мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев олардың авторларымен кездесті.
«Бұл хаб Астана хабының 18-ші филиалы болып табылады. IT саласында жұмыс істейтінбарлық адамдарға арналған. Хабта әртүрлі бағдарламалар өтеді. Олар тегін, сондықтанмұнда барлығы келе алады. Біз олардың бізге келетін идеяларын жүзеге асыруға жәнеауқымды етуге көмектесеміз. Мені бір жоба қызықтырады, оның авторынбағдарламашылармен таныстырамын. Ол өзінің бағдарламалау тілін әзірледі», – деді AstanaHub аймақтық даму кеңсесінің директоры Аида Дусова.
25 жастағы Владислав Захаров онлайн брондау қызметін құрды. Бүгін хабтың ашылуында ол өзінің стартапын таныстырды.
«Қызметке әртүрлі типтегі мекемелер кіреді. Бұл мейрамханаға, қонақүйге немесе үйгеқашықтан тапсырыс беруге ыңғайлы болады. Қызмет мекемелердің барлық түрлерінжинады. Клиент қызметті алады, ал бизнес қосымшаларды өңдеуге ыңғайлы құрал алады. Жоба 10 айға жуық әзірленуде. Агрегатор осы айдың соңында қолжетімді болады, инвестиция тартылған жағдайда жоба толық қуатқа шығады», – деді «Забронируй» жобасын жасаушы Владислав Захаров.
Оқушыларға сабақ беретін интеллектуалды көмекші құрарлы ойлап тапқан Петропавлдық мектеп оқушылары хабтың ашылуында IT-идеяларымен бөлісті.
«Жобаны жүзеге асыру үшін жасанды интеллект қолдандық. Қосымша мектеп оқушыларына сабақта түсінбеген тақырыпты түсінуге көмектеседі. Біз бұл қосымшаны одан әрі дамытып, нарыққа шығаруды жоспарлап отырмыз», – деді No21 мектептің оқушысы, TOT қосымшасын жасаушы Артём Пинигин.