Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда криминалдық полицияның жедел қызметкерлері байланыссыз алаяқтықтың құрбаны болмау жолдарын айтты

Петропавлда криминалдық полицияның жедел қызметкерлері байланыссыз алаяқтықтың құрбаны болмау жолдарын айтты

Криминалдық полиция басқармасының жедел қызметкерлері банк клиенттерімен жеке сөйлесу жүргізеді. Олар байланыссыз алаяқтықтың құрбаны болмау туралы жадынамалар мен буклеттер таратады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Полиция касса залдарын аралап, келушілерді онлайн алаяқтар жиі қолданатын қылмыстық сценарийлер туралы хабардар етеді. Криминалдық полицияның жедел қызметкерлерімен бірге банктердің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері профилактикалық жұмыстарға белсене қатысуда.

Алдын алу шараларына ерекше назар аударылады: күту залдарындағы стендтерде қылмыстың құрбаны болмау туралы ақпарат жарияланады; теледидарлар арқылы тақырыптық бейнероликтер көрсетіледі; Дегенмен, интернет-алаяқтардың негізгі айлалары туралы хабардар бола отырып, адамдар әлі де құрбан болуда.

«Өздерін билік немесе банк қызметкері ретінде таныстыратын адамдармен телефон арқылы сөйлескенде сақ болуға шақырамыз. Асықпай, қобалжымай, дереу банкіңіздің байланыс орталығына және «102» нөміріне қоңырау шалу керек. Ешбір жағдайда жеке деректеріңізді: ЖСН, карта нөмірлері мен кодтарды, құпия сөздерді және басқа ақпараттарды жіберуге болмайды. Барлық жағдайда дереу полицияға хабарласу керек», – дейді СҚО ДП бастығының орынбасары Еңбек Сембин.

 

 

 

 

 

 

Shares