Петропавлда маршруттық автобус екі жеңіл көлікпен соқтығысты
Петропавл қаласында орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция басқармасының қызметкерлері тексеру материалдарын жинақтап жатыр. Жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан «Yutong» маркалы маршруттық автобус пен екі жеңіл көлік – «Lada 2131» және «Lada 2172» соқтығысқан, деп хабарлайды QZ News.
Алдын ала ақпарат бойынша, барлық көлік құралдарына механикалық зақым келген. Ең бастысы – оқиғаға қатысқан азаматтардан ешкім медициналық көмекке жүгінбеген.
«Қалалық полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларға жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін тағы да еске салады. Әсіресе жүргізушілер әрбір маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізіп, бұрылу және тоқтау кезінде жарық белгілерін уақтылы қосып отыруы тиіс. Жолда өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар!», – деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.