Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда «Мазмұндама» баспасының өкілдері СҚО-ғы ауыл мектептеріне арналған қазақ тіліндегі әлемдік бестселлерлерді сыйға тартты

Петропавлда «Мазмұндама» баспасының өкілдері СҚО-ғы ауыл мектептеріне арналған қазақ тіліндегі әлемдік бестселлерлерді сыйға тартты

Креатив орталығында «Ауылға кітап» жобасы аясында қазақ тіліндегі әлемдік бестселлер кітаптарының тұсаукесері мен сыйға тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Ауылға кітап» жобасы өскелең ұрпақтың кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған. Ал басты мақсат – қазақ тіліндегі әлемдік туындыларға қолжетімділікті  арттыру.

Кітаптардың тұсаукесері мен салтанатты сыйға тарту рәсіміне Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов, «Мазмұндама» баспасының президенті Теңіз Сейілхан, Петропавл қаласындағы ForteBank филиалының директоры Диас Қазыбаев, СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопова, педагогика ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары және кітапханашыларқатысты.

«Мазмұндама» баспасы 2018 жылы құрылды. Басты мақсат – қазақ тілінің мазмұнынбайыту. Біздің міндетіміз – қазақша контентін дамыту, әлем әдебиетінің үздік кітаптарынқазақ тіліне аудару. Алты жылдың ішінде біз әлем әдебиетінің 550-ден астам кітабынаудардық», – деді «Мазмұндама» баспасының президенті Теңіз Сейілхан.

Ауыл мектептерінің кітапханаларына қазақ тіліндегі мың дана кітап тегін беріледі. Танымал туындыларды ForteBank қолдауымен «Мазмундама» баспасы қазақ тілінеаударып, басып шығарды.

Қайырымдылық бастамасы аясында әлемнің ондаған тілдерінде жарық көрген және миллиондаған сатылымы бар алты культтік кітап мемлекеттік тілге аударылды. Бұл Джордан Петерсонның «Өмірдің 12 ережесі», Дарон Аджемоглу мен Джеймс Робинсонның «Неге кейбір елдер бай, ал басқалары кедей», Тони Шейдің «Бақытқа жетуі», «Неліктен»дегеннен бастау керек?» Ұлы көшбасшылар қалай шабыттанады, Фрэнк Герберттің «Дюна»және Рид Хастингс пен Эрин Мейердің «Ешбір ережесіз» және «Netflix бірегей мәдениеті».

Барлық 6 кітаптың 3000 данасын шығаруды банк қаржыландырғаны белгілі, оның бір бөлігін оқу орындарына тарту жоспарланса, кейбірін республика бойынша кітап дүкендерінен алуға болады.

Shares