Петропавлда мереке күндері жылу мен электр үздіксіз берілді
Мерекеде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ жұмыс топтары жоғары дайындық режимінде жұмыс істеді. Компания өкілдері атап өткендей, барлығы қалыпты режимде өтті: белгіленген кестелерден ауытқусыз және шектеусіз, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
«Петропавл қаласында тұрақты жылумен қамту ісіне әсер ететін оқиғалар тіркелген жоқ», – делінген хабарламада.
Қоса кетейік, мереке қарсаңында барлық нысанды жылу және электрмен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін басқарма құрамынан жауапты кезекшілер тағайындалды. Сонымен қатар, тәулік бойы кезекшілік атқаратын жөндеу бригадалары жасақталды.