Петропавлда нөсер кәріздерін тазарту және қар шығару бойынша сенбілік жалғасуда
Облыс орталығында нөсер кәріздерін белсенді түрде тазарту және қар шығару бойынша жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Соңғы жылдары қаладағы нөсер кәрізінің ұзындығы бірнеше есеге артып, 228 км-ге жетті. Қаланың ТҮКШ бөлімі атап өткендей, кәріздерді жиналған қардан тазарту – су тасқынына қарсы іс-шаралар аясындағы маңызды жұмыстардың бірі.
“Осыған байланысты қала әкімдігі сенбілік ұйымдастырды. Оған жастар ұйымдары, қаланың коммуналдық қызметтері мен кәсіпкерлер белсенді қатысты”, – делінген хабарламада.