Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда өлкетану музейінде көрмеде сирек банкноттар мен монеталарды көруге болады

Петропавлда өлкетану музейінде көрмеде сирек банкноттар мен монеталарды көруге болады

Ұлттық валюта күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Теңге – тәуелсіздік негізі» көрмесі жұмысын бастады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Көрмеде 1993 жылғы үлгідегі алғашқы банкноттар, 1993 жылғы монеталар, маңызды оқиғалар мен тарихи тұлғаларға арналған күміс монеталар қойылған.

Ұлттық валюта күні жыл сайын 15 қарашада тойланады. 1993 жылдың дәл осы күні теңге айналымға енді. Ұлттық валюта – тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендік символы, Қазақстанның жаңа тарихының толыққанды бөлігі.

Shares