Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда өрт салдарынан екі кішкентай бала мен 20 жастағы қыз қаза тапты

Петропавлда өрт салдарынан екі кішкентай бала мен 20 жастағы қыз қаза тапты

25 қыркүйек күні сағат 21.35-те 101 телефонына Волочаевская көшесінде орналасқае 113 үйде өрт бас көтергендігі жайлы хабар түседі. Өрт орнына 5 минуттан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің бригадалары жеткен, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Мамандарт келгенше ағаш үй ашық жанып жатқан. Өртті сөндіру кезінде өрт орнынан 3 адамның – 20 жастағы қыз бен 2022 және 2018 жылы туған екі баланың жансыз денесі табылды.

«Өрт 22:04-те оқшауланып, 22:36-да сөндірілді. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері және құралдары (жеке құрамның 15 адамы және 3 бірлік техникасы) жұмылдырылды. Өрт аумағы – 19 ш.м. Оның себебі мен шығыны анықталуда.

Оқиға орнына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерік Сарыбаев пен Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов келді. ЖАО-дан Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде көмек көрсетіледі. Қаза болғандардың туыстарымен және жақындарымен СҚО ТЖД психологиялық қызметінің қызметкері жұмыс жүргізді», – деп жазда СҚО ТЖД.

 

Shares