Петропавлда өрт сөндірушілер 15 минут ішінде жанып жатқан автокөлікті өшірді
Бүгін 112 пультіне Ауезов көшесіндегі ТҚКС аумағында жеңіл автокөліктің өртенгені туралы хабар түсті, деп хабарлайды QZ News.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті арқасында өрт барлығы 15 минут ішінде толық сөндірілді. СҚО ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.