Петропавлда өрт сөндірушілер бір үйді өрттен аман алып қалды
Петропавлда Хромзавод шағын ауданында шаруашылық ғимараты өртеніп, жалын тұрғынүйдің шатырына жайылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, өрт сөндірушілердің келісілген және кәсіби іс-әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт 50 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.