Петропавлда өрттен 44 жастағы ер адам зардап шекті
13 желтоқсанға қараған түні Косогор шағын ауданындағы 2-ші көшеде өрт болды. Мұнда жеке тұрғын үйдегі заттар өртенді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Өрт туралы ақпар 101 телефонына 23:34-те түскен. Жеке тұрғын үйде от бас көтеріп, жеке заттар жаныпты. Тілсіз жаудың аумағы – 30 шаршы метр. Мамандардың көмегімен 5 адам құтқарылды.
«00:35-те өрт ауыздықталды. Зардап шегу жайты тіркелді. Үй иесінің 1979 жылы туған 44 жастағы туысы ауруханаға жатқызылды. Алдына ала болжам бойынша ер адам көмірқышқыл газынан уланған. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Ал өрттің алдын ала себебі – сымдардың қысқа тұйықталуы. Жалынды сөндіруге СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің күштері (16 маман және 3 бірлік техника) жұмылдырылды», – деп толықтырды СҚО ТЖД.