Петропавлда өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне жеті ауданның өндірушілері қатысады
Мереке күні, яғни 16 желтоқсанда облыс орталығында апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Сауда қаланың үш базарында қызады, деп хабарлайды QZ media тілшісі.
Жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан облысының жеті ауданы қатысады. Мәселен, “Алтын Арман” базарында өз өнімдерін Ақжар, Тимирязев және Ғ. Мүсірепов ауданының кәсіпорындары сататын болады. “Қызылжар Ақбастау” базарына Есіл, Жамбыл және Уәлиханов аудандары бекітілген. Ал “Дария” базарында Мамлют ауданының өндірушілері болады.
Жәрмеңке 8:30-да басталып, 12:00-ге жалғаспақ.