Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда өткен халықаралық эко-фестиваль 67 белсенді студенттің басын қосты

Петропавлда өткен халықаралық эко-фестиваль 67 белсенді студенттің басын қосты

Жалынды жастардың байқауы! Петропавлда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері арасында халықаралық экологиялық жобалар фестивалі өтуде. Бұл іс-шараға арналған алаңды Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі ұсынды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Фестивалға еліміздің әр өңірінен және Ресей Федерациясынан 67 студент қатысуда. Ол онлайн және офлайн форматта өткізіледі. Студенттердің жобалары энергия ресурстарын ұтымды пайдалану арқылы жаһандық жылынуды болдырмауға арналған. Кейбір жұмыстардың авторлары ауыз судың адамдардың денсаулығы үшін қасиеттерін, энергияның баламалы көздерін, ресурс үнемдейтін технологияларды және басқаларды зерттеді.

“Іс-шараны ұйымдастырушы – СҚО білім басқармасы мен біздің колледж. Біз жастарды іздестіру-зерттеу ісіне тартуға тырысамыз, оларды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі практикалық міндеттерді шешуге тартамыз. Эко-фестиваль 5 бағыт бойынша өтеді. Конкурстық жұмыстарды құзыретті қазылар алқасы бағалайды. Олардың арасында СҚО Экология департаментінің мамандары, Қозыбаев университетінің оқытушылары, серіктес кәсіпорындардың өкілдері бар. Үздік жобалардың авторлары дипломдармен марапатталады”, – деді ЖСҚКПК директорының орынбасары Жанна Бережная.

Shares