Петропавлда биыл 2 мыңнан астам отбасы баспаналы болады
2023 жылы 20 көпқабатты үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Оның 6 – бюджеттік және 14 – коммерциялық үй. Бұл арқылы 2 мыңнан астам отбасы пәтер кілтін алады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Бүгінде «Жас өркен», «Орталық», «Береке», «Қопай» шағын аудандары қарқынды дамып келеді. 18 несиелік үй салынуда. «Береке» шағын ауданындағы 6 нысанда абаттандыру жұмыстары аяқталуда. Бұл халықтың әлеуметтік осал санатындағы 600 отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бюджеттік үйлермен қатар коммерциялық тұрғын үйлердің құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Биыл жекеменшік компаниялар 29 үйдің құрылысын жоспарлады, оның 8-і пайдалануға берілді.
“Солнечный-2” және “Южный” шағын аудандарында жеке тұрғын үй құрылысының инфрақұрылымын салу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта «Солнечный-2» кентінде 68 шақырымнан астам су құбыры тартылды. 54 шақырымға жол салынды. Сондай-ақ, 102,5 шақырым электр желісі тартылды. «Южный» шағын ауданында 43,5 шақырым су құбыры желісі, 35 шақырымға жол салынып, электр желілерін салу жұмыстары басталды. 32 шақырым электр желісі мен 12 қосалқы станция салу жоспарланып отыр. Жобаларды аяқтау 2024 жылға жоспарланған», – деді қала әкімі Серік Мұхамедиев.