Петропавлда Пестрое көлінің маңында тұратын адамдарды эвакуациялау басталды
СҚО ТЖД хабарлауынша, су деңгейінің көтерілуіне және тас жолдың келесі жағына топан судың шығуына байланысты Пестрое көлінің маңында орналасқан тұрғын үйлер мен саяжайларды су басу қаупі бар.
Осыған байланысты тұрғын үйлерден, саяжайлардан, әлеуметтік нысандардан тұрғындарды көшіру басталды.