Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда полицейлер мектептерді, колледждерді және ЖОО тексерді

Петропавлда полицейлер мектептерді, колледждерді және ЖОО тексерді

СҚО полицейлері 44 орта мектептің, 11 колледж бен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің террористік әрекеттерден қорғалу талаптарына сәйкестігін тексерді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Мекемелерде күзет қызметкерлерінің, дабыл тетіктерінің, жалпы жағдайды бақылап отыруға мүмкіндік беретін құрылғылардың, қауіпсіздіктің басқа да техникалық жүйелерінің бар болуы және олардың еш ақаусыз жұмыс істеп тұрғаны тексеріледі. Оқушылардың қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған жұмыстарды СҚО полиция департаментінің құрамындағы күзет қызметін бақылау бөлімі мен экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізіп жатыр”, – делінген арнайы хабарламада.

Кемшіліктер анықталған білім ошақтарының басшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, анықталған бұзушылықтарды қысқа уақыт ішінде жою бойынша ұсынымдар берілді. Білім беру мекемелерінің террористік әрекеттерден қорғалуын тексеру шаралары ұдайы негізде жүргізіліп тұрады.

 

Shares