Петропавлда қала әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Қала әкімі Серік Мұхамедиевтің өкімімен Петропавл қаласы әкімінің экономика, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария жөніндегі жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Мәрлен Бағытбекұлы Сәндібеков кірісті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Марлен Бағытбекұлы 1984 жылы 8 қаңтарда Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, құқықтану мамандығы бойынша, Қ.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті – мемлекеттік жергілікті басқару.
Еңбек жолын 2008 жылы прокуратура органдарында бастады. Осы жылдар ішінде Қостанай қаласы әкімдігінде, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімінің аппаратында қызмет етті.
Марлен Бағытбекұлы осы тағайындауға дейін Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.