Петропавлда “Қалалық қызметтер порталы” іске қосылды
Қала тұрғындары мен қонақтарының құлағына алтын сырға! ТКШ ұйымдары ұсынатын қызметтерді алуды жеңілдету мақсатында 25 желтоқсаннан бастап “Қалалық қызметтер порталы” ақпараттық жүйесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Бұл – қала тұрғындары мен қалалық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматы. Портал жеке және заңды тұлғаларға “Бір терезе” қағидаты бойынша коммуналдық қызметтер көрсетуді біріктіреді және бұрын табиғи монополиялар субъектілері мен басқа да мемлекеттік мекемелер дербес көрсеткен қызметтерді тікелей ұсынады”, – деп атап өтті мамандар.
Үйден шықпай-ақ қызмет алуға болады. Ол үшін “sqoqyzmet.kz” сайтына кіру керек. Жоспар электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда жүзеге асады.