Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда қазақ тілін тегін үйренуге болады

Петропавлда қазақ тілін тегін үйренуге болады

«Жастар рухы» жастар қанаты «Менің елім – менің тілім» жобасы аясында «Сөйле» әңгімелесу клубында тегін сабақтардың жаңа жиынтығын жариялады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жобаның мақсаты – қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту. Петропавлда сейсенбі және жұма күндері сағат 19.00-де Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының коворкинг орталығында әңгімелесу клубының сабақтары тұрақты түрде өткізіледі. Мекенжайы: Пушкин көшесі, 57.

«Оқыту ағымдағы жылдың қазан айында басталды. Бұл оқыту да барлығына тегін. Біздің клубта қатысушылар теорияны оқып қана қоймай, күнделікті өмірдегі түрлі жағдайларды түсіндіреді. Клуб әртүрлі ұлттың, жастың, санаттың өкілдерін біріктіреді. Оқыту мүмкіндігінше қарапайым түрде өтеді», – деді «Жастар рухы» ЖҚ СҚОФ төрағасы Біржан Құдайбергенов.

«Сөйле» клубы осы жылдың басында ашылды. Қаңтар мен маусым аралығында бірінші топта 50-ден астам адам оқуды аяқтады.

Shares