Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай партия мүшелері әскери обелискке абаттандыру жұмыстарын жүргізді

Петропавлда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай партия мүшелері әскери обелискке абаттандыру жұмыстарын жүргізді

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Петропавлда «AMANAT» партиясының өңірлік филиалы мен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған обелискке жаңарту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды QZ News.

Мемориал ескі қалалық зират аумағында орналасқан. Мұнда аумақ тазаланып, қоқыс жиналды, сырлау жұмыстары жүргізіліп, ескерткіш жөнге келтірілді. Мемориалды жаңарту – ата-бабалар ерлігіне құрмет көрсету және бүгінгі ұрпақтың бірлігі мен ынтымағының көрінісі болды.

«Бірлік күні – бұл тек достық пен келісім мерекесі ғана емес, сонымен қатар Отан үшін ұлтқа бөлінбей күрескен батырларды еске алу күні. Оларды Отанына деген махаббат біріктірсе, біз бүгін олардың ерлігіне деген құрметпен біріккенбіз. Мұндай шаралар ұлтаралық бірлікті нығайтып, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге ықпал етеді деп сенемін», – деді «AMANAT» партиясы СҚОФ атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов.

Shares