Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда ҚАЖ ардагері “ІІМ құрметті ардагері” медалімен марапатталды

Петропавлда ҚАЖ ардагері “ІІМ құрметті ардагері” медалімен марапатталды

Петропавлдық ҚАЖ ардагері “ІІМ құрметті ардагері” медалімен марапатталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер Кеңесі Төралқасының қаулысымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің ардагері, отставкадағы ішкі қызмет старшинасы Сүлеймен Кенжегузин ардагерлер ұйымдарының жұмысына қосқан үлесі, жас қызметкерлерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелегені және олардың кәсіби шеберлігін арттырғаны үшін “ІІМ құрметті ардагері” медалімен марапатталды.

Сүлеймен Кенжегузин 1933 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданы Тау-ағаш ауылында дүниеге келген. 2023 жылдың 10 желтоқсанында ол өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтті. Ішкі істер органдарында 31 жыл қызмет еткеннен кейін Сүлеймен аға 50 жасында СҚО ІІБ СИ-18 аға бақылаушысы (№66 мекеме) лауазымынан еңбек демалысына шықты.

Салтанатты түрде СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің бастығы әділет полковнигі Әділет Мұстафинов ардагерге денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілеп, төсбелгіні жеке табыстады. Іс-шараға Департамент бастығының орынбасарлары, жеке құрам және ардагерлер қатысты.  Қызметкерлер алғыс сөздерін білдіріп, сондай-ақ Сүлеймен аға жас ұрпақ үшін батылдықтың және өз ісіне деген адалдықтың нағыз үлгісі екенін атап өтті.

 

 

 

 

Shares