Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда қонақ үйлер мен жатақханалар Алматыдағы қайғылы оқиғадан кейін тексерілуде

Петропавлда қонақ үйлер мен жатақханалар Алматыдағы қайғылы оқиғадан кейін тексерілуде

СҚО билігі Алматыдағы қайғылы оқиғаның қайталанбауы үшін қонақүйлерде, хостелдерде және жатақханаларда тұру жағдайларын ерекше бақылауға алуға ниетті. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыста осы бағытта профилактика қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Екі жыл бұрын Петропавлда осындай қайғылы жағдай орын алды. Жатақханада газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты. Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 60-қа жуық қонақ үй мен 25 жатақхана бар, деп атап өтті облыс әкімі. Тәртіп сақшылары ТЖ департаментінің қызметкерлерімен бірге әр мекемеге күнделікті тексерулер, сондай-ақ ТЖ жағдайында оқу-жаттығулар өткізеді.

“ТЖД басшысының хабарлауынша, бүгінде барлық қонақүйлер тексерілуде, дабыл датчиктерінің бар-жоғы анықталуда, арнайы жаттығулар өткізілуде. Мамандар сақталуы керек барлық талаптарды қарайды. ТЖД басшысының ақпараты бойынша барлық шарттар сақталады. Кейбір бұзушылықтар бойынша ұйғарымдар берілді. Маған хабарлағандай, олар жойылды. Бұл жұмыс тұрақты және қатаң бақылауда”, – деп толықтырды Ғауез Нұрмұхамбетов.

 

Shares