Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда құдыққа түскен итті шығармақ болған ер адам құтқарылды

Петропавлда құдыққа түскен итті шығармақ болған ер адам құтқарылды

Петропавлда ер адам құдыққа түскен итті өз бетінше құтқармақ болған. Ол құдыққа түсіп, итті достарына бергенімен, өзі терең құдықтан шыға алмай қалды, деп хабарлайды QZ News.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД мәліметі бойынша, достарының өтінішімен келген жедел-құтқару тобының қызметкерлері альпинистік құралдармен ер адамды құдықтан шығарып алды. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Shares