Петропавлда Республика күніне орайластырылған жүгіру шарасы өтті
Петропавлда колледж студенттері арасында «Өмір қозғалысы» атты жаппай жүгіру шарасы өтті. Ол алдағы Республика күніне орайластырылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Тұңғыш Президент саябағында 80-ге жуық жігіт пен қыз өздерінің жүгіру қабілеттерін тексерді. Іс-шараны СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының мамандары ұйымдастырды.
“Біз осындай іс-шаралар арқылы жастар арасындағы спортты дәріптейміз. Сонымен қатар, бұл – кейінгі толқын үшін бейресми жағдайда сөйлесу, қуат алу мүмкіндігі. Біз үздік нәтижелерге қол жеткізген жігіттер мен қыздар үшін дипломдар дайындадық”, – деді СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы Оксана Гончаренко.