Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда С.Мұқанов көшесіндегі зақымдануды жою бойынша жөндеу жұмыстары жалғасуда

Петропавлда С.Мұқанов көшесіндегі зақымдануды жою бойынша жөндеу жұмыстары жалғасуда

Облыс орталығында С.Мұқанов көшесіндегі учаскеде технологиялық зақымдануды жою бойынша жөндеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қазір нысандарға иелік ететін төрт заңды тұлғаның біреуіне жылу берілмей отыр.

“25 қаңтарға қараған түні 01.00-де “Жас Өркен” шағын ауданы бойынша температуралық режим параметрлері тұрақтандырылды. Тұтынушыларды жылумен жабдықтау бекітілген кестеге сәйкес әрі жылу тасымалдағыштан берілген параметрлер негізінде жүзеге асырылады. Жеткізу құбырының жылу тасымалдағышының температурасы 80 градус жоспарлы көрсеткіште 86 градусты, ал кері құбыржолы 53 градус жоспарлы көрсеткіште 56 градусты көрсетіп тұр”, – деп хабарлады “Севказэнерго”АҚ.

Температуралық режим параметрлерінің төмендеуі байқалатын тұрғын үйлерде ПИК/МИБ төрағаларымен бірлесіп, “Петропавл Жылу Жүйелері” ЖШС мамандары тексеру жүргізетіні қосымша хабарланды.

Shares