Петропавлда шіріген ағаштарды кесу жұмыстары басталды
Облыс орталығында жаяу жүргіншілерге қауіп төндіруі мүмкін құрғаған, шіріген бұтақтарды санитарлық кесу және ағаштарды кронировкалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды QZ News.
Қалалық әкімдік мәліметінше, жұмыстар дендрологтар Тимур Зверяченко мен Артур Рязаповтың тексеру қорытындысы негізінде атқарылуда. Жұмыстар кезек тәртібімен жүргізіліп жатыр.