Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда шыршаларды шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр

Петропавлда шыршаларды шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр

Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қала тұрғындарын шыршаларды қоқыс жәшіктеріне тастамауды ескерткен болатын, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Бөлім қызметкерлері қоқыс жәшіктері тек қатты тұрмыстық қалдықтарға арналғанын еске салады. Осылайша, 15-25 қаңтар аралығында шыршаларды шығару ұйымдастырылды. Бұл үшін тұрғындар оларды қоқыс контейнерлерінің жанында жинауы керек болатын.

25 қаңтардан кейін абаттандыру ережелерін сақтамағаны үшін тәртіп бұзушыларға әкімшілік шара қолданылады.

Shares