Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда скутер мен жеңіл автокөлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

Петропавлда скутер мен жеңіл автокөлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

6 сәуір күні сағат 01:00 шамасында облыс орталығындағы Н.Назарбаев көшесінде “Lada Granta” автокөлігі мен “Ғiery 50” маркалы скутер соқтығысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Жедел жәрдем бригадасы ЖКО салдарынан жарақат алған мына адамдарды медициналық мекемелерге жеткізді: скутердің 32 жастағы жүргізушісі, сондай-ақ медициналық көмек көрсетілгеннен кейін босатылған “LADA Granta” автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі”, – делінген облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жүргізуші медициналық куәландыруға жіберілді. Алдын ала болжам бойынша мас емес. Көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қойылды. ЖКО фактісі бойынша материалдар әрі қарай талқылау және процестік шешім қабылдау үшін Петропавл қ. ПБ әкімшілік полиция бөліміне берілді.

Shares