Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда соғыс ардагері Сапар Дүйсеновқа арналған мемориалдық тақта орнатылды

Петропавлда соғыс ардагері Сапар Дүйсеновқа арналған мемориалдық тақта орнатылды

Облыс орталығында Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, соғыс ардагері және прокуратура органдарының еңбек сіңірген қызметкері Сапар Дүйсенұлы Дүйсенов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды QZ News.

Ашылу рәсіміне СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО прокуроры Қайрат Әбдіханов, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагердің туыстары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Бұл іс- шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып, мемлекет пен өңір алдындағы оның зор еңбегіне деген құрметтің белгісі болды.

«Бұл мемориалдық тақта – халқы мен заңға қызмет еткен азаматқа деген құрмет пен алғыстың белгісі. Оның өмір жолы – келер ұрпаққа адал қызмет пен Отанға шынайы берілгендіктің үлгісі болады», – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Сапар Дұйсенұлы майданда Отанды ерлікпен қорғап, батылдық пен төзімділік көрсетті. Соғыстан кейін елді қалпына келтіру мен дамытуға белсенді араласып, оның өркендеуіне зор үлес қосты. Тергеушіден бастап облыс прокурорының бірінші орынбасарына дейін қызмет етіп, бүкіл өмірін прокуратура органдарына арнады. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, жас мамандарды тәрбиелеуге және азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.

Shares