Петропавлда Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тәжірибе алмасты
Қозыбаев университетінде өткен жиында коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөлі талқыланды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, белсенділер мен еріктілер жиналды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Ең белсенді ҮЕҰ – облыс орталығындағы ұйымдар. «TheLastHope» үкіметтік емес ұйымын, Солтүстік Қазақстан облысының жастар мәслихатын, «Шуақ» қоғамдық қорын, «Туған жер» ҚҰ ерекше атап өтуге болады. Бұл ұйымдар жастар мен қарттарға арналған ауқымды жобаларды жүзеге асыруда. Аудандар да көштен қалмауға тырысуда.Үкіметтік емес ұйымдар көптеген профилактикалық жұмыстарды жүргізеді, саламатты өмір салтын насихаттайды, алаяқтықтың алуан түрлерімен күресуге көмектеседі», – дейді «TheLastHope» ҮЕҰ» жоба менеджері Тимур Әлжанов.
Кездесуге қатысушылар әлеуметтік бастамалар саласындағы өзара озық тәжірибелеріменалмасып, ҮЕҰ саласындағы реформаларға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
«Біздің еріктілер еліміздің түкпір-түкпірінен жоғалған адамдарды іздеуде. Біз полицейлермен және із-түзсіз жоғалғандардың туыстарымен бірлесе жұмыс істейміз, әлеуметтік желілерде парақшалар таратамыз. Біз балалар мен қарт адамдарды іздеуге басымдық береміз. Петропавлда бізде 35-40 волонтер бар, ал облыс бойынша 100-120», – дейді «LIDER.KZ» еріктілер ұйымының үйлестірушісі Кристина Ашпекова.
Іс-шара биылғы жылы облыстың қоғамдық өмірінде өзін айқын танытқан өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың белсенді өкілдерін марапаттау рәсімімен аяқталды.