Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Универсаная көшесінің бойында жаңа жол өткелі салынады

Петропавлда Универсаная көшесінің бойында жаңа жол өткелі салынады

Петропавлдағы Универсаная көшесінің бойында жаңа жол өткелі салынады. Бұл туралы қала әкімі Серік Мұхамедиев халықпен кездесуінде айтты. «Ресей темір жолы» АҚ теміржол жолдары арқылы өтетін жол өтпелі құрылысының негізгі мақсаты – Петропавл қаласының магистральдық теміржол аумағының жан-жағында орналасқан аудандарда көлік және жаяу жүргіншілер қатынасын жүзеге асыру, сондай-ақ, Универсаная және Кошевого көшелерін жаңғырту», – деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Жол өткелінің құрылысы Караванная көшесіндегі көлік ағынын азайтады, темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар Универсаная және Кошевой көшелерін қайта жаңғыртып, аумақты абаттандыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта «БУКА» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Мердігер жұмысқа кірісті. Көпір құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарлануда», – деді әкім.

Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі Караванная көшесінің бойындағы жол өтпесіне техникалық тексеру жүргізу, оның параметрлерін, ақаулары мен зақымдануын анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялады. Тексеру нәтижелері бойынша жөндеу түрі туралы шешім қабылданады.

Shares