Петропавлда жаңа жылға дейін 18 жылы аялдама орнатылады
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі облыс орталығындағыаялдамалар павильондарын ауыстыру мәселесіне кеңінен тоқталды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Шыны аялдамаларға қатысты көптеген шағымдар болды. Біз қазір оларды ауыстырудыбастадық. Жұмыс басталып кетті, ескілерін бұзып, орнына жаңасын – жабықпавильондарды салып жатырмыз. Мен аялдамалар жылы болады деп айтқым келеді. Оларбірден жұмыс істемейді, жылу өткізу үшін уақыт қажет. Барлығы жаңа жылға жақындайын болуы керек. Биылғы жылы барлығы 18 жылы аялдаманы жоспарлап отырмыз. Қазір Жамбыл көшесінен Сутюшев көшесіне дейін жұмыс басталып кетті. «Бірлік» шағынауданында жылы аялдамалар орнатылды», – деді Петропавл қаласының әкімі СерікМұхамедиев баспасөз мәслихатында.
Облыс орталығының басшысы бір жылы аялдама құны 8,5 миллион теңгені құрайтынынайтты. Бұл сомаға аялдама павильонын абаттандыру және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету кіреді.