Петропавлда жарық бағанасының құлауына байланысты су өшірілді
«Қызылжар су» ЖШС облыс орталығының аудандарында судың тоқтап қалуына байланысты пікір білдірді. Кәсіпорынның атқарушы директоры Арман Сауытов қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі
«12 сәуір күні сағат 9:55-те «Қызылжар су» ЖШС-нің 1-көтергішіне қарасты сорғы станциясында апатты жағдайда электр қуаты үзілді. Қазіргі уақытта энергетиктер қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, су беру сорғы станциясына электр жарығы берілгеннен кейін қалпына келтіріледі. Қаланың барлық әлеуметтік маңызы бар нысандарына ауыз су жеткізу ұйымдастырылады. Қала тұрғындарын үрейленбеуге және тек сенімді ақпаратқа сенуге шақырамын», – деді «Қызылжар су» ЖШС атқарушы директоры Арман Сауытов.