Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда жеке үй өртенді

Петропавлда жеке үй өртенді

Солнечный-2 шағын ауданында жеке тұрғын үй өртенді. Өрт 108 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды QZ News.

СҚО ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілердің күшімен жалын оқшауланып, толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

«Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығу себебі – жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы», – делінген ТЖД хабарламасында.

Shares