Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда жемқорлыққа қарсы форум өтті

Петропавлда жемқорлыққа қарсы форум өтті

Петропавлда Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне арналған салтанатты жиын өтті, оның барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өз үлестерін қосқан белсенді қолдаушылар құрметке ие болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының отыздан астам белсенді өкілі жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін марапатталды. Оның алтауы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен атап өтілді.

Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы соңғы жылдары жемқорлық деңгейі төмен өңірлер қатарында.

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Джакипбековтың айтуынша, бұл мемлекеттік аппарат пен жұртшылықтың үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды.

“Барлық белсенді азаматтарды одан әрі парасаттылық идеологиясын бірге ауқымды түрде ілгерілетуге және жемқорлық көріністеріне жол бермеуге шақырамын”, – Асхат Джакипбеков.

Іс-шара барысында халықтың әлеуметтік мәселелерін, оның ішінде қоғамдық бақылаулар, мониторингтер, құқықтық консультациялар, оқыту және т.б. жолдармен шешетін жемқорлыққа қарсы волонтерлердің жұмысы ерекше атап өтілді.

Shares