Петропавлда жүк көлігі жүздеген пәтерді газсыз қалдырды
Көпқабатты үйлерге көгілдір отын келетін құбырды көлік соғып кеткен. Жергілікті тұрғындар жөндеу жұмыстарын жүргізуге ешкімнің асықпайтынына наразы, деп хабарлайды QZ Media тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
«Біз төрт күннен бері роллтон жеп жүрміз. Көпбалалы немесе үлкен отбасы болсақ ше?Мамандар таңертең сонда болды, қазір түскі үзіліс уақыты. Менің ойымша, олар түскі асқа кетті. Ал біз? Біз де ыстық тамақ ішкіміз келеді. Бұл ақылға қонымсыз нәрсе! Мен оқиға орнында ешкімнің жоқтығына таң қалдым!» – дейді Ольга Конева.
Газ құбыры үйдің қасбетінде орналасқан. Арка арқылы өтеді. Бірнеше күн бұрын терезе жақтаулары тиелген «Газель» көлігі аулаға кірген. Соқтығыс салдарынан металл құбыр бөліктерге бөлініп, жерге құлаған. Салдарынан 315 пәтер газсыз қалды. Тұрғындар жарылыс болмағанын, бәрін дер кезінде өшіріп үлгергендерін айтуда. Сәттілік серік болды.
Іс қазірдің өзінде сотқа жіберілген. Желіні жөндеу жұмыстары жақын арада жүзеге асырылмақ.
«Горгазсервис» ЖШС 10 қарашаға дейін бүлінген жерді жөндеуді жоспарлап отыр. Қазір барлық жұмыстарды ЖШС өз есебінен атқаруда. Кінәлі анықталып, әкімшілік істер сотқа жолданды. Егер сот бұл адамды кінәлі деп тапса, онда ол немесе өзі жұмыс істейтін компания келтірілген шығындынды толық өтейді», – деп түсіндірді Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.