Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда жылу желісінде апат болды

Петропавлда жылу желісінде апат болды

Гоголь – Бөкетов көшелерінің қиылысында орналасқан жылу құбыры жарылды. Қала тұрғыны апатты видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 21 қарашада “Петропавл Жылу Желілері” ЖШС жылу желісіндегі зақымдануды жою үшін жөндеу жұмыстарына кірісті.

“Жөндеу кезінде Гоголь көшесі, 14 үйінде температура төмендеуі мүмкін. Болжам бойынша жөндеу жұмысы сағат 02:00-ге дейін созылады. Жылумен жабдықтау режимін қалпына келтіру процесі кәсіпорын мамандарының бақылауында болады”,- деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Қыс қаһарына мінді деп айтуға болады, 5 сағат бойы жылуды өшіру әртүрлі салдарға әкелуі мүмкін.

Осыған қарамастан, әлеуметтік желілердегі қала тұрғындары мұндай жағдайларға таң қалмайды. Пайдаланушылардың бір бөлігі әзіл де жазуда.

“Көп күттірмеді”, “Бұл біздің қала үшін қалыпты жағдай, қыс пен субұрқақтар оянды”, “Бұл тек бастамасы”, “Бәрі жақсы, жай ғана мұз айдыны құйылып жатыр”, “Қайталанды”,- деп жазады қала тұрғындары әлеуметтік желілерде.

Shares