Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы 2-ЖЭО-дағы жаңа түтін мұржасы нысанға толық қосылған соң іске қосылады

Петропавлдағы 2-ЖЭО-дағы жаңа түтін мұржасы нысанға толық қосылған соң іске қосылады

Елордада өткен брифингте өңір басшысы Петропавлдағы 2-ЖЭО-дағы жаңа мұржаның биылғы жылыту маусымында неліктен іске қосылмағанын түсіндірді. Қазір қаладағы жылу электр орталығы екі құбырмен жұмыс істейді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Екінші және үшінші түтін мұржалары жұмыс істеп тұр. Олар жөнделді, тексеру актілері бар, бұл мұржалар екінші қыста жұмыс істеп жатыр. Бірінші мұржаға келетін болсақ, ол өндірістік жұмыс кестесінен бір жарым ай бұрын салынды, бірақ оны іске қосуға дейін жүргізілуі тиіс тиісті жұмыстар бар. 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымында жаңа мұржаны іске қосамыз», – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

 

Shares