Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы көшелердің бірінде ірі көлемдегі қоқыстың үйіндісі пайда болды

Петропавлдағы көшелердің бірінде ірі көлемдегі қоқыстың үйіндісі пайда болды

Назарбаев көшесі, 221А-223 мекенжайында қатты тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемдегі қоқыстардан қоқыс үйіндісі пайда болды. Мәселені шешуге көмектесу үшін тұрғындар қалалық мәслихат депутаты Закиржан Мамлютовқа жүгінді. Депутат осы сайлау округіне жауапты деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Үйлердің түкпірінде “Ашық Аспан” балабақшасы орналасқан. Тұрғындар айтқандай, оларды үнемі шашылып жататын қоқыспен қатар, бірнеше жылдан бері жөнделмеген жолдың да жайы толғандырады.

“Қоқыс туралы Егор Калининмен сөйлестім. Ол бұл жиі мазалайтын мәселе екенін айтты. Қоқыс, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, есірткі жасырушылар. Сонда қалалық полиция пункті дәл жанында тұр. Бұл жерде мен балабақша басшылығымен де кездестім. Олар проблеманы алға тартып отыр. Басшылық хат жазып, бірнеше рет әкімдікке жүгініпті. Жолды жөндеуді сұрайды. Өз кезегінде ТҮКШ жоспарға енгізілген сияқты деп жауап берген. Бірақ мен бәрібір жүгініп, жағдайды анықтаймын. Жалпы, қоқыс үйінділері – бүкіл қалаға қатысты мәселе. Біздің иығымызға үлкен салмақ түсті. Әкімдікке кері байланыс үшін алғыс айтамын. Егорға да белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдіремін”, – деп жазды әлеуметтік желілерде Закиржан Мамлютов.

Назарбаев көшесі, 221А-223 мекенжайындағы қоқысты жауапты компания жедел түрде шығарды. Айта кетейік, Петропавл әкімдігі қала тұрғындарына ірі габритті қоқысты өз есебінен шығару керектігін тұрақты негізде ескертеді.

Shares