Петропавлдағы мектептердің бірінде болашақ полиция қызметкерлеріне арналған сынып жұмыс істейді
СҚО ПД бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Әбілғазы Ғабдуллин Петропавлдағы Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейінде құрылған «Жас сақшы» сыныбына қатысушылармен және олардың ата-аналарымен кездесті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Жас сақшы» сыныбына болашақта полицияға жұмысқа келуге ниетті жетінші сынып оқушылары кіреді. Әбілғазы Ғабдуллин балалар мен олардың ата-аналарына ішкі істер органдарында қызмет етудің артықшылықтары туралы айтып берді.
Ұлдар мен қыздар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жедел уәкілдер мен тергеушілерді, криминалисттерді, әкімшілік блоктың полиция қызметкерлерін дайындайтын жоғары оқу орындары туралы бейнероликтерді тамашалады. Онда оқу тегін, курсанттарға барлық жағдай жасалған.Болашақта олардың барлығына жұмысқа тұруға кепілдік берілген.
Бұдан бөлек, «Жас сақшы» сыныбының оқушыларына полицейлер түрлі сабақтар, оның ішінде «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамында спорт секциясын ұйымдастыруды жоспарлап отыр, онда арнайы бөлімшелердің қызметкерлері және шақырылған мамандар жауынгерлік күрес тәсілдерін үйретеді, дене шынықтыру даярлығын дамытады.