Петропавлдағы НЗМ-да “Тәтті кітап” фестивалі өтті
Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Тәтті кітап” фестивалі өтті. Бұл шара оқушыларды көп күттірді және көңілден шықты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Фестиваль барысында балалар әдебиеттің қызықты әлеміне енді. Олар әртүрлі шығармаларды оқып қана қоймай, пікірталастарға белсенді қатысты, әртүрлі сұрақтарға жауап берді, қызықты квесттер өткізді, сонымен қатар театрландырылған қойылымдар дайындады. Фестивальдің барлық кезеңі кітап оқудың маңыздылығы мен ләззатын көрсетуге бағытталған.
“Біздің мақсатымыз – оқуды насихаттау. Балалардың оқуға қызығушылық танытқанын қалаймыз. Мұндай ерекше іс-шаралар олардың кітапқа деген қызығушылығын оятады. Сіз олардың торттарды қаншалықты ынтамен безендіретінін байқадыңыз. Біз өз мақсатымызға жетеміз және кітапханамызда оқырмандар көп болады деп үміттенеміз”, – деп атап өтті аға педагог-кітапханашы Нурикамал Сайдуова.
Биылғы жылы фестивальге 10 шаңырақтан тұратын 7-8 сынып оқушылары қатысты. Балаларды ата-аналары мен мектеп мұғалімдері қолдады.
“Біздің кітап “Ақ патшайымның қадамы” деп аталады. Мұнда алдымен тіл табыса алмаған, бірақ кейін достасып, бірінші орынды иеленген екі спортшы туралы айтылады. Маған бұл кітап ұнады, жалпы фестиваль де көңілден шықты. Бізге ата-анамыз бен кураторымыз көмектесті”, – деді 7 “D” сыныбының оқушысы Шырайлым Кемелова.
Фестиваль қорытындысы бойынша балалар өздерінің естеліктері және әсерлерімен толтыра отыра, нағыз “Тәтті кітаптарды” өмірге әкелді. Мұндай бастамалар оқу процесін қызықты етеді, оқушыларға сөз бен қиял әлемін ашуға шабыттандырады.