Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы ҚР Ұлттық ұланының академиясында үздік оқытушылар анықталды

Петропавлдағы ҚР Ұлттық ұланының академиясында үздік оқытушылар анықталды

Ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында Петропавл қаласының Ақан сері атындағы облыстық филармониясында 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық ұланы Академиясының үздік оқытушыларын құрметтеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Биылғы жылы байқауға 10 оқытушы қатысып, жеңімпаздарды арнайы құрылған комиссия мүшелері анықтады, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік жылдың оқытушысы» атағының иегері әскери педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы подполковник Қуандық Малдыбаев болды. Қуандық Бекбауұлы өз сөзінде Академия басшылығы мен әріптестеріне өзінің педагогикалық қызметіне деген сенімі мен мойындағаны үшін алғысын білдірді. Жеңімпаз грамотамен және ақшалай сыйлықпен марапатталды, сондай-ақ Академия бастығының бұйрығымен оған диплом және «Үздік жылдың оқытушысы» ауыспалы мүсіншесі табысталды.

Екінші және үшінші орын иегерлері жедел өнер және МПҚЕ кафедрасының оқытушысы полковник Мұрат Байбусинов және жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы аға лейтенант Гүлназым Байсалдина болды.

«Сіздер өздеріңіз үшін қиын, бірақ асыл және өте маңызды мамандықты таңдадыңыз, ол адамнан педагогикалық талантты, жанқиярлықты және таңдалған іске шексіз адалдықты, ең бастысы – сезімталдық пен шыдамдылықты талап етеді. Дәл осы қасиеттер әрқашан отандық оқытушылар корпусының ең жақсы өкілдеріне тән болды. Барлық профессорлық-оқытушылар құрамын кәсіби мереке – ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, қызметте табыс, егеменді Қазақстанның отан қорғаушыларын оқытып тәрбиелеуде сарқылмайтын зор шабыт тілеймін!», – деді Артур Қалиақпарұлы.

Іс-шараның ресми бөлімінен кейін залға жиналғандардың алдында республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары, Петропавл қаласы облыстық филармониясының солистері және Академияның әскери оркестрі өнер көрсетті.

Shares