Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы сауда орталығында “Ақ лента” акциясы өткізілді

Петропавлдағы сауда орталығында “Ақ лента” акциясы өткізілді

Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні аясында “Жастар Рухы” жастар қанатының өңірлік филиалы полиция департаментімен және қоғам қайраткерлерімен бірлесіп, “Ақ лента” акциясын өткізді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Белсенділер “Dostyk Mall” сауда орталығында қала тұрғындарына сенім телефондары мен зорлық-зомбылықтың жолын кесу және осы өзекті мәселенің құрбандарына назар аудару жолдары туралы толық ақпарат жазылған буклеттер таратты.

Акцияны қолдаған адамдарға ақ лента тағылды, ал балаларға шарлар таратылды.

Shares